Бүгінде спорт әлемінде допинг дауы өршіп тұр. Күнде болмаса да, апта сайын осыған байланысты шу шығып жатады. Жалпы, допинг деген қандай мағынаны білдіреді? Оны қандай жағдайда қолдануға болады?
Дастан Досымов, Тараз қаласы
Допинг (doping) – ағылшынның dopе деген сөзінен алынған. Қазақша баламасы «наркотик беру» дегенді білдіреді. Спортта «допинг қабылдады» деген тіркес тек наша қабылдаған кезде ғана емес, спорттық көрсеткіштерді жақсартып жіберетін табиғи және синтетикалық кез келген заттарды пайдаланған кезде айтылады. Мұндай заттар қысқа мерзім ішінде кенеттен спортшының жүйке жүйесіне әсер етіп, бұлшық еттерін күшейтіп жібереді. Бұл дегеніміз – керемет жетістіктерге жаттығудың көмегінсіз-ақ допинг қабылдап жетуге болады деген сөз. Спортта допинг қабылдауға қатаң тыйым салынғаны сондықтан.
Дегенмен допингінің түрлері өте көп. Мәселен, допингіге жататын ынталандырғыш заттарды тек дода кезінде ғана пайдалануға тыйым салынған. Мұндай заттар алдымен адамның жүйке жүйесіне әсер етеді де, өзін уақытша жақсы сезінуге жағдай жасайды. Алайда шектен тыс пайдалану адам өміріне қауіпті. Бүгінде мұндай допингілерге, негізінен, мына заттар жатады: амфетамин, эфедрин, псевдоэфедрин, кокаин, кофеин, стрихнин, фенотропил, мезокарб (сиднокарб). Осылардың ішінде спортшылардың ағзасында ең жиі кездесетіні – кофеин. Әзірге Антидопингілік агенттік кофеин қабылдауға жарыстар кезінде де тыйым салған жоқ. Өйткені бұл зат күнделікті тамақтанып жүрген шай және кофенің құрамында да болады.
Допинг деген не?
Последние статьи автора