Домен деген не?

Айшылық алыс жерлерден бір демде ақпарат алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманның үлкен жетістігі – интернет алғаш қай елде пайда болды? Сондай-ақ сіздер қазіргі интернет домендерінің түрлерін жазсаңыздар деймін.
Нұржан Құныпиянов,
Алматы қаласы
Интернет 1960-жылдары алғаш АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бо­ла қалған жағдайда бір-бірімен теле­фон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. 60-жылдардың аяғында Пента­гон ядролық соғыс бола қалғанда, компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA-net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPA-net бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. 80-жылдардың басында «интернет» деген термин пайда болды. Бұл – ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Ал сіз сұраған интернет домендеріне келер болсақ, олар төмен­дегідей. Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домен атаулары: gov – үкіметтік; org – үкіметтен, коммерциядан тыс; edu – білім; com – коммерциялық; mil – әскери; net – желілік; museum – мұражайлар; name – жеке есімдер; aero – авиакомпаниялар; coop – бірлескен, коммерциялық; biz – бизнес; info – ақпараттық; pro – кәсіпқой. Мысалы: https://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы); https://www.cnn.com (CNN Компаниясы). Аймақтық белгiсi бойынша домендер атауы: kz – Қазақстан; uk – Ұлыбритания; us – АҚШ; ru – Ресей; se – Швейцария; de – Германия; ua – Украина; fr – Франция.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста