Халық аспаптары мұражайынан домбыраға ұқсас аспаптың суретi қашалған балбал тас көрген едiм. Осы тас туралы толығырақ ақпарат берсеңiздер екен.
Жанар БОЛАТОВА
Бұл балбал тас теңiз деңгейiнен 2000 метрлiк биiктiкте орналасқан “Майтөбе” жайлауынан (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) табылған. Тастың ұзындығы –1 м 30 см, қалыңдығы – 80 см. Оны 1986 жылы белгiлi этнограф Жағда Бабалықұлы тауып, сол кездегi Ықылас Дүкенұлы атындағы халық аспаптары мұражайының директоры, философия ғылымының докторы Сәбетқазы Ақатаевқа хабарлап, мұражайға қабылдатады. Жағда Бабалықұлы қағазға түсiрiп әкелген тақтатастағы суретте музыкалық аспаптың артында бес адамның әртүрлi қимылда билеп тұрған бейнесi түсiрiлген. Сыртқы көрiнiсiне қарағанда, көне дәуiрдiң бұл музыкалық аспабы қазақ халқының домбыра аспабынан басқа ешбiр музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы талас тудырмайды. Аспаптың екi құлағы бар, яғни екi iшектi, ұзын мойны, кеудесi бар, бетiн бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкi байланған. Ал домбыраға үкi тағу әдетi – бiзге күнi бүгiнге дейiн жеткенi баршаға мәлiм. Ғалымдардың болжауынша, бұл тас – неолит дәуiрiнен жеткен 6000 жылдық тарихы бар мұра.
Домбыраның 6000 жылдық тарихы бар
Последние статьи автора