«Домбыра» сөзі қайдан шыққан?

Домбыра қазақ халқының көне аспабы екені туралы жиі айтылады. «Домбыра» сөзінің шығу тегі туралы мәлімет берсеңіздер.
Айдын БЕКҰЛЫ,
Алматы қаласы
Домбыраның халық арасында кең тарауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы епті адам ағаштан дем­де жасап ала береді. Екіншіден, домбыра тарту, үйрену басқа аспаптарға қарағанда аса қиын емес. Үшіншіден, домбырада үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де ойнауға болады. Төртіншіден, домбыра сүйе­мелге де ың­ғай­лы. Белгілі зерттеуші Хайролла Жүз­басовтың пікірінше, «домбыра» сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дем­бұ­ра» деген сөздердің тізбегі ар­қы­лы жа­салған. Бұл – бел­гілі бір логикаға сүйенген, қызық­ты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен кез­дес­тіруге болады. Ғалым­ның пікірінше, «том» деп түюлі жұдырық немесе қол­дың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяң­данып «домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни «домбыра» сөзі «қол­дың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді. Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың «дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Мұндай болжамға, шамасы, домбыра­ның шанағының сүйірленіп барып қозы құйыршық­танып бітетіндігі негізге алынған болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста