Долана – есте сақтау қабілетін арттыра ма?

Долана жемісінің жүйке жүйесі ауруларына көптен ем екенін білемін. Және оның жаңа піскен күйінен гөрі кептірілгенін пайдаланған абзал дегенді де естідім. Бұл жемістің тағы қандай пайдасы бар?
Айнұр ИБРАЕВА,
Қарағанды облысы

Медицина мамандарының айтуынша, долана жемісі тек жүйке жүйесіне ғана емес, жалпы адам денсаулығына өте пайдалы өсімдік. Әсіресе, склероз дертіне шалдыққандар үшін таптырмас дәрі. Долана жемісі адамның миына өте жақсы әсер етеді. Яғни оны пайдаланған адамның есте сақтау қабілеті артып, ойы да жинақы болатын көрінеді. Сол сияқты, денсаулық сақтау мамандары бұл жемісті жүрек-қан тамырлары және сусамырмен ауыратын науқастарға көбірек қолдануға кеңес береді. Долананың басқа жеміс-жидектерден артықшылығы – кез келген уақытта және ұзақ мерзімде пайдалана беруге болады. Яғни оның ағзаға ешқандай зияны жоқ. Тіпті бұл өсімдік түрлі дәрумендерге де бай көрінеді. Мәселен, құрамындағы С витамині бойынша долана басқа жемістердің көшбасшысы саналады екен. Сондықтан одан жасалған өнімдерді иммунитеті әлсіз адамдардың көбірек пайдаланғаны абзал. Медицинада сонымен қатар долананың гүлі мен жапырақтары да кеңінен пайдаланылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста