Доктринаның мәні не?
Саясатта «доктрина» ұғымы жиі кездеседі. Кейде әскери деп те атайды. Жалпы мағынасы қандай?
Бекжан Есім, Алматы
Доктрина – латын тілінен аударғанда «оқу» деген мағынаны береді. Бұл ғылыми немесе философиялық теория және саяси принцип ретінде айтылып жатады. Әскери доктрина – бір елдің немесе әскери ұйымдардың құрылымы, қарулы күштері және әскери тактикасы туралы тұжырымдамасы. Әскери доктрина сонымен қатар осы саладағы ғылыми дамуды да қамтамасыз етеді. Ал сыртқы саясаттың доктринасы мемлекеттің халықаралық саясатқа қатысты ұстанымын айқындайды, өзге елдермен қарым-қатынасын анықтап отырады. «Қырғи-қабақ» соғысы жылдарында Кеңес Одағына қарсы АҚШ-тың көзқарасын айқындайтын әйгілі «Даллес доктринасы» қабылданған болатын. Сондай-ақ фашизмді жер бетіне жоюға ниетті болған Муссолини доктринасы да болған. АҚШ-тың еуропалық елдерден азаттығын көксеген Джеймс Монроның доктринасы да тарихта қалды. Қазір кез келген халықаралық ұйым өзінің саясатына байланысты доктрина қабылдап жатады. Жемісті болып отырғандарының арасында Еуропалық Одақтың доктринасын айтуға болады. Себебі басты мақсаты экономикалық кеңістікті барынша кеңейтуге бағытталған. Ал уақыт өткен сайын Еуропалық Одақтың шекарасы кеңейіп келе жатыр.