Осы дипломатиялық өкілдіктер қызметі әртүрлі жағдайда тоқтатылып жатады. Бұған басты себептер қандай болуы мүмкін?
Венера, Алматы облысы
Дипломатиялық өкілдік орналасқан елдегі қызметін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар тоқтатылған немесе үзілген жағдайда толық тоқтатады. Халықаралық іс-тәжірибеде басқадай нысан да болуы мүмкін, мысалы, екі мемлекет біріккен жағдайда сыртқы саясатты біріккен үкімет жүргізуі керек және біріккен елдің біреуі барлық дипломатиялық өкілдіктермен өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Дипломатиялық агенттіктің қызметі дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясының 43- бабына сәйкес тоқтатылады:
– егер ол белгілі бір мерзімге жасалса және уақыты созылмаса, мерзімі біткен жағдайда; дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет үкіметіне тіркеуші мемлекет үкіметінің дипломатиялық агент қызметінің тоқтатылатындығы туралы (кері шақырып алу) хабарлауы; дипломатиялық өкілеттік орналасқан мемлекеттің дипломатиялық агентті өкілдік қызметкері деп танудан бас тартатындығын хабарлауы; дипломатиялық миссия өз қызметін дипломатиялық өкіл қайтыс болған жағдайда тоқтатады.
Дипломатиялық өкілдік қызметі қандай жағдайда тоқтатылады?
Последние статьи автора