Діни демократия деген бар ма?
Қазіргі әлемде діннің рөлі артып барады. Кейде «діни демократия» деген термин айтылып қалады. Бұл, шынымен, бар ма?
Қазбек Қайдарұлы, Тараз
Діни демократия – (мысалы, Иран Ислам Республикасы — ИИР) — ислам қоғамын басқару әдісі ретінде ИИР-дың негізін қалаушысының және басқа ислам төңкерісі жетекшілерінің еңбектерінде көрсетілген принциптерге сүйенеді. Алғашқы принцип – жалпыхалықтық қатысу және халық қалауына жан-жақты қолдау көрсету. ИИР-дың Конституциясында биліктің Құдайдан екендігін мойындаумен қатар, қалың бұқараның депутаттарды сайлауда, исламдық құрылымның барлық деңгейдегі басшыларын сайлаудағы рөліне баса мән беріледі. Сонымен қатар исламдық құрылымның барлық жауапты тұлғалары төңкеріс көсемінен бастап, қалалық және ауылдық исламдық кеңестерге дейін халықтың тікелей қатысуымен сайланады. Тіпті сақшылар кеңесі секілді бақылаушы кеңестерді де халық сайлайды. Діни демократияда діни көсемдер мемлекеттік институттарды халық пікірімен санасып құрады. Екінші принцип – Құдай заңдылықтары мен діни құндылықтар негізінде басқару. Исламдық саяси ойында барлығы, жетекшіден бастап бұқара халыққа дейін құдайлық құндылықтар мен ұстанымдарга бағынуы міндетті. Үшінші принцип – халық алдында жауаптылық және халық тарапынан бақылау құқы. Діни демократияға негізделген қоғамдық құрылымда халық рақымшыл, ал халық құқы қашанда барлық лауазымды тұлғалар құқынан жоғары. Төртінші принцип – заңның үстемдігі.