Денсаулыққа зиянды жұмыс үшін үстемеақы төленуі тиіс пе?

Мемлекеттік органда қызмет істеймін. Яғни аудандық әкімшілікте компьютерші, бағ­дар­ламашы болып келісімшартпен 34 мың теңгеге штаттан тыс жұмыс істеймін. Толық штаттағы адам­дардан артық болмаса, кем жұмыс атқармаймын. Бірақ маған компьютердің ден­сау­лық­қа зияндылығы үшін үстемеақы төленбейді. Маған үстемеақы төленуі керек пе?
Берік САЙЛАУБАЙҰЛЫ,
Жамбыл облысы
ҚР Еңбек кодексінің 204-бабына сәйкес, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерек­ше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызмет­кер­лер­дiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағ­дайындағы қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу­мен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық ай­лықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақы­лар белгiлеу жолымен жоға­ры­ла­тыл­ған мөлшерде бо­лады. Бiрақ Қазақстан Рес­публикасының заң­на­­масында, салалық ке­лi­сiм­дерде немесе ұжым­дық шарт­тарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стан­­дарттары негiзінде бел­гiленген мөлшерден кем бол­мауы тиіс. «Аза­маттық қызметшілерге, мем­­ле­к­еттік бюджет қа­ражаты есебінен ұсталатын ұйым­­дардың қыз­­мет­­керлеріне, қазыналық кәсіп­орын­дардың қыз­­­меткерлеріне еңбекақы төлеу жү­йесі ту­ралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жыл­ғы 29 желтоқсандағы №1400  қау­лы­сына 19-қо­сымшада қызметкерлерге ауыр және зиян­­ды ең­бек жағдайлары үшін қосымша ақы қа­­рас­ты­рыл­ған. Бұл ретте, аталған қосымша ақы ла­уа­зым­дары мен кәсіптері еңбек және ха­­лықты әлеу­меттік қорғау министрі міндетін ат­­қару­шының 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-Ө бұй­рығымен бе­кітілген. Жұмыс уа­қы­тының қысқар­тыл­ған ұзақ­тығына құқық бе­ретiн өн­дi­рiстердiң, цех­­тар­дың, кәсiптер мен ла­уа­зым­дардың тiзiмiн, сон­­дай-ақ ауыр жұ­мыс­тардың, ең­бек жағ­дай­лары зиян­ды (ерек­ше зиянды) және (немесе) қауiптi жұ­­мыс­тар­дың тiзбесiне ен­гі­зілген қыз­мет­керлерге тө­­ле­неді. Тізім ми­нистрліктің веб-сайты «Нор­ма­тив­­тік-құқықтық ба­за» айдарында ор­на­лас­ты­рыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста