Ұзақ уақыт тыныс алмай отырудан әлемдiк рекорд жасаған адамдар жайлы естимiз. Адам қанша уақыт ауа жұтпай тұра алады?
Жандос ӘМIРБЕК, Алматы қаласы
«Гиннестiң рекордтар кiтабына» сүйенсек, әлемде ұзақ уақыт тыныс алмай отырудан АҚШ тұрғыны, иллюзионист Дэвид Блэйн (суретте) алдына жан салмаған. Оның рекорды – 17 минут 4 секунд. Блэйн мұндай жоғары көрсеткiшке медитацияның арқасында қол жеткiзген. Адамның дем жұтпастан қанша уақытқа шыдай алатыны жөнiнде Алматы қалалық орталық бассейнiнiң медбикесi Светлана Морозова былай дейдi:
– Жүзудi жаңа үйренiп жүрген адамның су астында бiр минуттан артыққа төзiмi жетпейдi. Ал тәжiрбиелi cүңгуiрлер мен спортшылардың су астында 2,5 - 3 минутқа дейiн шыдай алады. Синхронды жүзу спортымен шұғылданатындар су астында алты минутқа дейiн ұзақ жүре алады. Мәселен, Бейжiң олимпиадасына қатысқан Арна Тоқтаған, Анна Кульмина, Айнұр Керей сияқты қазақстандық спортшылар бiр жұтқан демiмен бес минутқа дейiн жүзе алады. Су астында тыныс алмай ұзақ уақыт отыра бiлу үшiн ұзақ дайындық қажет.
Дем алмастан қанша уақыт отыруға болды?
Последние статьи автора