Декреттегі қызметкердің жұмыс орны қысқартуға жата ма?

Декреттегі қызметкердің жұмыс орны қысқартуға жата ма?

Мен бір мекемеге декреттік демалысқа кеткен қызметкердің орнына жұмысқа тұрған едім. Қазір  мекемеде қызметкерлерді қысқарту болып жатыр. Басшылық менің де жұмыс істеп жатқан штатым қысқаратынын ескертіп, бір ай ішінде басқа жұмыс тауып алуым керек екенін айтты. Осы орайда менің білгім келгені, қазіргі мен жұмыс істеп отырған штат декреттегі қызметкердің орны екені ескерілмей ме? Заң бойынша декреттегі қызметкердің жұмыс орны сақталуы керек емес пе? 
Биғайша,
Атырау облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қармасы сарапшы маманының мәліметіне қа­ра­ған­да, қысқарту рәсімін жүргізу барысында қыс­қар­туға жататын тұлғаның мемлекеттік қызметтегі жұмыс өті­лі ғана емес, аумақтық органға түсетін жалпы жүк­те­ме мөл­шері де ескерілді.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, қажетті іс-шараларды жүргізу барысында бала күтуге бай­ла­нысты демалыс кезеңіндегі қызметкерге бос лауа­зым­дық орындар ұсынылды. Егер де декреттік де­малыстағы қызметкер аталған ұсыныстан жазбаша түрде бас тартып, жұмыс орнының (маман лауа­зы­мы­ның) қыс­қартылуына ауызша және жазбаша түр­де келісімін бер­се, онда декреттік демалыстағы қыз­мет­кердің орны қысқартуға жатады, яғни сақ­талмайды.
Ал сіз декреттік демалыстағы қызметкердің ор­нында уақытша жұмыс атқарып келгендіктен, сіз жұ­мыс істеп отырған штат сіздің келісіміңізсіз қыс­қар­ту­ға жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста