Дәстүрлі әншілер байқауы қайда өтеді?

Елімізде дәстүрлі әншілер байқауы өткізілмек екен. Байқау қайда өтеді және бағдарламасында қандай ерекшеліктер бар?
Еркін,
студент
Алдағы 15-17 қараша күндері Семей қаласында дәстүрлі орындаушылардың Әсет Найманбайұлы атын­дағы Республикалық байқауы өткізілмек. Бұл байқаудың мақсаты – ұлттық музыкалық мұрамызды кеңінен наси­хаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастары­мызды өнерге баулып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету болып табылады.
Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы­ның ұйытқы болуымен жүзеге асырылатын байқауға елімізде тұратын 16 мен 35 жас аралығындағы халық және қазіргі заманғы композиторлар әндерін домбыра, қылқобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын кәсіби өнерпаздар қатыса алады. Әйгілі әнші-композитор Әсет мұрасын жандандыруға септігін тигізетін бұл шығармашыл жастар байқауына еліміздің белгілі өнер майталмандары, өнертанушы ғалымдары қазылық етеді.
Ән-байқау жеңімпазына бас жүлде – Әсет Най­манбайұлы атындағы байқаудың лауреат атағы мен ақшалай сыйлық табыс етіледі.
Аталған байқауға қатысу үшін бұдан бұрын облыстық Мәдениет басқармалары, концерттік ұйым­дардың дирекциясы мен көркемдік кеңесінің, шығар­машылық оқу орындарынан үміткерлер ұсынылған. Қазір, іріктеу кезеңі аяқталып, конкурсқа дайындық жүріп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста