Көптен бері ұйқым қашып жүр. Ұйықтататын дәрі ішпесем, кейде түнімен көз ілмей шығамын. Тіпті дәріге үйреніп бара жатқан да сияқтымын. Бұл зиян емес пе?
Мүсілім ҚАНАҒАТ, Шымкент
Америкалық ғалымдардың анықтауынша, ұйықтататын дәрілер адам өмірін шамамен үш жылға қысқартатын көрінеді. Былайша айтқанда, аталған дәрілердің организмге белгілі бір мөлшерде тигізер зияны болатыны анық. Мысалы, соның салдарынан ұйқы құрылымы бұзылып, адам дәріге бой алдыра бастайды. Ал оянған кезінде мең-зең күйге түсіп, денесін дел-салдық жайлайды, өзін нашар сезінеді.
Әдетке айналған ұйқысыздық – гипертония, жүрек талмасы және инсульт қаупінің бір белгісі болып табылады. Алайда ұйқысыздық өздігінен пайда болмайды. Ол түрлі стрестер мен шылым шегудің немесе көп қозғалмаудың нәтижесінде белең алады. Сондықтан ұйқысыздыққа шалындырып, дәріге үйір ететін жағымсыз жайттардан арылғыңыз келсе, салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз абзал.
Дәріге үйренген зиян ба?
Последние статьи автора