Дәрі арқылы арықтауға бола ма?

Қатарластарыма қарағанда толықпын. Артық салмақтан арылуға арналған дәрілердің ішінде қайсысы адам ағзасына зиянсыз?Марина, Алматы

Фармацевт Татьяна Әлішева түрлі жарнамалардан көрсетілетін арықтауға арналған дәрілердің адам денсаулығына өте зиянды екенін айтады. Дәрігердің айтуынша, абайламаса, мұндай препараттар адамды тіпті мезгілінен бұрын көз жұмуға соқтыруы да мүмкін көрінеді. Денедегі артық майлардан тез құтылудың ең дұрыс жолы – спортпен айналысу. Сапасы күмәнді кейбір дәрілерден ағзада, ішек-қарын жолдарында майда-майда құрттар пайда бола бастайды. Уақыт өте осы құрттар үлкейіп, асқазандағы тағамдарды жейді. Ас құрттың ішіне кетеді де, қарынға түспейді. Осы жағдайда ғана қарындағы майлар уақытша тартылады. Осылай арулардың іші бес-алты айда тартылып, әдемі көрініп қалады. Бірақ бұл – уақытша ғана құбылыс. Себебі дәрі ішкендер ішкі құрылысында не болып жатқанын білмейді. Бұл уақытта іштегі құрттың ұзындығы 1 метрге дейін өсетін көрінеді. Адам ішегінің ұзындығы 40 метрге дейін баратындықтан, құрттар да сол ішектермен оралып, білінбей өсе береді. Осы аралықта құрт адам асқазанындағы тамақты азсынып, «мінез» көрсете бастайды. Сөйтіп, ішектің сыртына шығуға әрекет етеді. Дәрінің тағы бір түрі іш өткізу арқылы арықтатады. Іші өткен адамның ағзасындағы тұздар жойылып кетеді. Асқынып кеткен мұндай ауруды (іш өту) тоқтату да оңай шаруа емес. Бұл кезде адам да, ағза да әлсірейді. Тұздарды қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі айлық ем қабылдау керек. Қысқасы, мұндай дәрілерге сене беруге болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста