Чемпиондар лигасының әнұраны

Чемпиондар лигасының әнұраны

Енді бірер күннен соң үзіліс алған Чемпиондар лигасы да қайта жалғасын табады. Еуропаның азуларын айға білеген ең үздік клубтары додаға түсер кезде орындалатын Чемпиондар лигасы әнұраны барша жанкүйердің жүрегін орнынан бір қозғайды емес пе?! Жер жүзіндегі әрбір футболшы аталған әуенді жасыл алаңда тұрып тыңдауды армандайды. Чемпиондар лигасының әнұраны қашан пайда болды? Оны жазып шыққан кім және орындайтын кімдер? Сол туралы кеңірек білгім келеді.
Жандос Сағындықов,
Атырау облысы
Чемпиондар лигасының әнұраны алғаш рет 1992 жылы жасыл алаңда шырқала бастады. Себебі дәл осы жылы Еуропа чемпиондарының ку­богы Чемпиондар Лигасы болып өз­геріске ұшыраған. Ком­по­зи­ция­ның авторы – Тони Бреттон. Ол Ген­дел есімді композитордың осыған ұқсас бір туындысын әрлеп шыққан. Батыс футболының хит шеруін бас­тап тұрған бұл әуенді лондондық шір­кеудің хоры орындайды. Ал әй­гілі корольдық филармонияның ор­кестрі спорт жанкүйерлерінің құлақ құрышын қандыратан әнді сүйе­мел­дейді екен. Чемпиондар лигасының әнұраны ағылшын, француз және неміс тілдерінде шырқалады. Әннің негізгі ұзақтығы – 3 минут. Ком­мер­ция­лық өнім ретінде ешқашан саты­лымға шықпайды. Ал әнұранды қазақ­шалағанда мағынасы мынаған саяды: «Олар – ең үздік командалар» (үш рет), Чемпиондар! Күштілер! Ұлы командалар! Мықтылар! Үлкен кездесу! Үлкен спорттық оқиға! Бас­ты оқиға!» Осылай екі рет қай­та­ла­на­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста