Қазір сауда орындарынан алынған жеміс-жидектер мен көкөністер салқын жерде сақталғанына қарамастан, өте тез бұзылады. Бақша дақылдарының бұзылған жерін кесіп тастағанның өзінде, оларды тұтынуға болмайтынын жиі естимін. Оның қандай зияны бар?
Жанар МҰҚАНҚЫЗЫ, Қарағанды облысы
Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, бұзылған көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтыну адам ағзасына зиян. Сәл ғана дақ түскен кез келген бақша өнімінің бойында митоксин атты улы зат түзіледі. Көкөніс болмаса жеміс-жидектің бұзылған жерін кесіп тастағаннан жойылмайтын қауіпті зат адамның маңызды органдары жүрек пен бауырды зақымдап қоймай, қатерлі ісікке ұшыратады. Сол себепті мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен көкөністерді аузы жабылатын шыны ыдыстарға салып, мұздатқышта сақтаған абзал. Ал көк жуа, аскөкті дымқыл орамалға орап, салқын жерге қою керек. Мұндай бақша өнімдері бірнеше күнге дейін бұзылмауымен қатар, бойындағы дәрумендерді де жоғалтпайды.
Бұзылған көкөніс қатерлі ісікке шалдықтырады
Последние статьи автора