«Жалғыз рейнджер» фильмінің ана тіліміздегі дубляжы жайында білгім келеді.
Айсұлтан АЙНАРА, Тараз қаласы
«Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақтілді дубляжі кешеден бері көрсетіле бастады. Бұл фильмнің басты рөлін белгілі голливудтық актер Джонни Депп орындайды. «Жалғыз рейнджер» – қазақ тіліне аударылған алтыншы голливудтық фильм. 2011 жылдан бастап «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам», «Монстрлар университеті» фильмдері қазақ тіліне дубляждалды.
Елімізде «Жалғыз рейнджер» Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Бейбіт Камарановтың даусымен сөйлейді. Үндіс Тонтоны «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Берік Айтжанов дыбыстады. Берік Айтжановты Джонни Депптің өзі бекіткен болатын. Бұдан бөлек, М.Әуезов атындағы драма театрының актері Төлеубек Аралбаев пен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Балтабай Сейітмамытовтар да фильмдегі басты рөлдерді дубляж жасады. Картинаның дубляжына 28 актер қатысты. Аударма сәтті болуы үшін ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударма жасалды. Қазақ тілі диснейлік жаңа кино кейіпкерлері сөйлеген 22-нші тіл болды. Фильмнің дубляжы қазақстандық Cinema Tone Production студиясында жүргізілді.
Бұл – ана тілімізде сөйлеген алтыншы голливудтық фильм
Последние статьи автора