Бұрындары театрда суфлер жұмыс істейді деп естуші едім, қазір ше?
Арман ШАДАЕВ, болашақ актер
Суфлер француздың souf fler сөзінен шыққан, яғни «сыбырлап айту» деген мағынаны білдіреді. ХІХ-ХХ ғасырда Еуропа театрларында ең керек адамы болған осы бір маман қазір театр сахнасынан тіпті қалды деуге болады. Бір қарағанда, рөл ойнамай, жай ұмытып қалған актерлерге сыбырлай қоятын суфлердің жұмысы оңай көрінгенімен, негізінде, олай емес екен. Суфлерлікке есте сақтау қабілеті ерекше, тіпті барлық актерлердің сөзін түгел жатқа білетін адамды қоятын болған. Сондықтан егер ол болмаса әртістер сөзін ұмытып, оқиға сол жерде тоқтап қалуы мүмкін болатын. Қазір әлем бойынша ешбір театрда суфлер жоқ деуге болмайды, тек азайып, оның қажеті болмай бара жатқаны рас. Мәселен, Ресейде жүздеген театрлар болса, соның 30 шақтысында ғана суфлерлер қалыпты. Ал қазақ театрларында ол мүлдем жоқ, ал сөзін ұмытып қалған актерге әріптесі айтып жібереді не оқиғаны өзі әрі қарай алып кетеді.
Бүгінде суфлер бар ма?
Последние статьи автора