Ботулизмнен сақ болыңыз!

Ботулизмнен сақ болыңыз!

Тұрғындар арасында «қалада соңғы кезде ботулизм ауруы жиілеп кетті» деген әңгіме айтылып жүр. Осы орайда менің білгім келгені, бұл аурудың белгілері және одан сақтану жолдары қандай?
БАҒИЛА,
Алматы қаласының тұрғыны
М.Б. УНАСПЕКОВ,
Түрксіб ауданы бойынша МСЭҚБ бас маманы:                                                      
–Зақымданған азық-түліктерді пайдаланғаннан кейін бірнеше сағаттан соң, ауру аяқасты білінеді. Науқасқа шалдыққан адамда бас ауыру, бас айналу, әлсіздік пайда болу, ұйқы бұзылу, асқазанның бүріп ауыруы, лоқсу, құсу, іш өту, ауыз құрғау басталады. Іш қаталап, кебе бастайды. Бірнеше сағаттан соң немесе бір-екі сағаттан кейін көз жанарында өзгеріс­тер пайда болып, көздің алды тұман­данып, нүктелер пайда болады. Бір мезгілде немесе біраз уақыт өткенде жұтыну қиындайды, сөздері анық бол­май, дауыс шықпай қалады. Сырқат­тың тыныс алуы өзгереді, ауа жетіс­пейді, кеудесін көтере алмай әлсірей бастайды. Дене қызуы қалыпты немесе біраз көтеріңкі болуы мүмкін.
Аурудың белгілері білінгенде, нау­қасты дереу ауруханаға жатқызу қа­жет.
Үй жағдайында келесі ережелерді сақтау қажет: жеміс-жидектерді, көк­ө­ніс­тер мен саңырауқұлақтарды жақ­сы­лап тазалап жуу; балық өнім­дерін ағып тұрған суға әбден жуып, оларды тоңазыту; саңырау­құлақты герметика­лық жабық банкіде тұздамау; тағам­дарды сапалы өңдеу және консерві­ленген азық-түліктерді пайдаланбас бұрын 20-25 минут қайнату (осы кезде ботулизмнің уыты ыдырап, қайтып кетеді) керек. Банкілерді аш­пас бұрын олардың сыртын бақылап, егер қақпақтары көтерілсе, онда олар­да тұтынбаған абзал.
2012 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданында бір отбасында екі адам ботулизммен ауырды. Зардап шеккендер қалалық инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Нақтамасы (диагнозы) – ботулизмнің ауыр түрі. Зардап шегушілер дер кезінде ауруханаға жат­қызылып, ем алғанның нәти­жесінде дін аман қалды. Мем­лекет­тік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының маман­дары науқастардың үйінен ашылған консерві өнімін алып, зертханалық тексеруге жіберді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша үйде дайындалған күздік сүтшөптен (салаттан) ботулизм мен ботулотоксин қоздырғышы та­был­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста