Бопсалау – ауыр қылмыс

Бұрынғы танысым соңғы кезде менен ақша талап ете бастады. Кінә өзімнен де бар, кезінде жария етуге болмайтын ақпаратты айтып қойған едім. Соны жұртқа жаямын деп бопсалап жүр. Оның осы әрекетін қалай тоқтатуға болады?
Маржан АҚЫЛБЕКОВА,
Ақтөбе

Бұл мәселені сіз тек заңға жүгіну арқылы шеше аласыз. Себебі бір рет төлеп, бопсалаушыдан құтыламын деу – ағаттық. ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабына сәйкес, біреудің мал-мүлкін немесе сол мүлікке деген құқығын, сондай-ақ жәбірленушіні немесе оның жақындарын ұятқа қалдыратын немесе кесірін тигізетін мәліметтерді тарату қаупімен  қорқытып-үркіту немесе мүлікті зақымдау арқылы бопсалау әрекеті (шантаж) үшін мынадай жазалар қарастырылған:  үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, алты ай мерзімге тұтқындау, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету арқылы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Өзара келісім арқылы бопсалау әрекетіне барған топ мүшелері үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, тіпті мал-мүлкі тәркіленуі мүмкін. Ал жәбірленушінің денсаулығына зақым келтіруге әкеп соққан  ұйымдасқан топтың бопсалау әрекетіне қолданылатын жаза бәрінен ауыр – 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мал-мүлкі тәркіленеді. Қылмыстық іс бойынша ішкі істер органдары тарапынан алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста