Болашақ ғарышкерлер бас қосты

Алматыда болашақ ғарышкерлер байқауы өтті деп естіп едім. Бұл шараның мақсаты қандай, оған кімдер қатысты.
Болат ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
Алматы облысы
Жас астрономдар мен бо­ла­шақ ғарышкерлердің ашық сле­ті Ал­маты қаласында өтті. Аталған ша­ра «Бөбек» ұлттық ғылыми-прак­тикалық, білім беру және са­уық­тыру орталығы обсер­ва­то­рия­сының базасында жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, жобаның мақсаты – ас­тро­номия, ғарышкерлік са­ла­сын­да мектеп оқушылары бі­лі­мінің дең­гейін көтеру және оларды ха­лық­аралық бай­қау­ларға, олим­пиадаларға және тур­нирлерге қа­тысуға дайындау. Слетке ел мек­тептерінің 7-11 сыныбының пән үйірмелерінде белсенді да­йын­далып жүрген, астрономия жә­не ғарыш ба­ғыттары бойынша бай­қау­лар­дың жеңімпазы болған 130 оқушысы, сондай-ақ рес­пу­бли­калық астрономиялық прак­ти­кум­ның тыңдаушылары қа­тыс­ты.
Слет шеңберінде ғарыш ас­тро­­номиясы және физика бо­йынша олимпиада, ғылыми жо­балар байқауы өтті. Практикалық тур қатысушылардың жұлдызды ас­панды жетік білуіне негіз­делген. Қазылар құрамында   та­ны­мал астроном ғалымдар және фи­­зик­тер, ҚР Ұлттық ғарыш агент­тігінің өкіл­дері бар. Слет бағдарламасы мұнысымен біт­пейді.  Қатысушылар білім са­йы­сы ғана емес, сонымен қатар қы­зық­ты мә­­дени бағ­дар­ламалар – ғ­а­лым­дармен және ға­рыш­кер­лер­­мен кез­десулер, Ас­тро­фи­зика инс­­ти­тутына және Тянь-Шань биік тауларындағы об­­сер­­ва­торияға серуен, қала бо­йынша саяхат және басқа іс-ша­ра­лар күтуде. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста