Бокс қолғабының салмағы қанша?
Бокс қолғабының салмағы қанша болуы керек? Сондай-ақ қолғапты қалай дұрыс таңдап алуға болады?
Батыр Бекжанов, Атырау облысы
Ең бастысы, қолғаптың салмағына мән беру керек. Одан кейін оның ішіне салынған материалдың қандай синтетикалық қоспадан жасалғанын білу үшін сатушыдан арнайы сертификатты талап етіңіз. Қолғаптың сырты немен қапталғанына (былғары ма, әлде жасанды материал ма) мән беру керек. Содан соң қолыңызға киіп көріп, өзіңізге ыңғайлы ма, жоқ па, соған көңіл аудару керек. Жалпы, былғары қолғаптардың төрт түрі бар. Олар шаршы алаңдағы жекпе-жекке арналған, жаттығу жұмыстарына арналған, жеке жаттығу жүргізуге (яғни спорт снярадтарын ұруға) арналған және аэробикаға арналған болып бөлінеді.
Өзіңізге лайықты бокс қолғабын таңдау үшін төменде кесте ұсынып отырмыз. Бұл кестеден қолғаптың салмағы мен қай жас мөлшеріне арналғанын жаңылмай тауып алуға болады. Естеріңізге сала кетейік, бокс қолғабының салмағы граммен емес, унциямен есептеледі.