Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.
Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлде қайда жоғары. Құрамы осындай азық пен жүйелі қоректенген адамның әр түрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады.
Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы. Жапония мен Қытай да бірнеше ғасырдан бері оның етімен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келеді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі екен. Бұл балаларды бөртпемен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырады.
Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпемен туберкулезге, қанқысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тигенмен тұмауға, асқазан, ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасымен гастритке таптырмасем. Тіпті жапондықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқастың қатерлі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрінеді.
Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің жеңсікасы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.
Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтарымен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында–фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың етімен жұмыртқасын да осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауық тан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай.