Балам кәмелеттік жасқа толған жоқ, жасы 16-да. Әліне қарамай «бизнеспен айналысамын» деп қояды. Біреулердің алдауына еріп кетіп, бірдемеге ұрынып қала ма деп қауіптенемін. Балалардың еңбек етуі заңдастырылған ба?
Айжамал БӘЙІШЕВА, Алматы
ҚР Азаматтық кодексінің 22-бабында жасы 14-тен 18-ге дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет қабілеттілігі реттестірілген. Олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. 14 жастан бастап кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, шәкіртақысына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған санаткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы. Сіз кәмелетке толмаған балаңыздың немен шұғылданып жүргенін білуіңіз керек. Себебі ол басқаға зиян келтірсе немесе өзі шығынға батып жатса, сіздің төлеуіңізге тура келеді. Өзіңіз айтқандай, біреулердің алдауына түсіп, ересектер оны қылмысқа итермелегендей жағдайлар болса оның жауабы ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабында қаралған.
Бизнеспен айналысу үшін кәмелеттік жасқа толу міндетті ме?
Последние статьи автора