Жоғары оқу орындарында төрт түліктің құқығы туралы пән беріле бастаған дейді ме?
Еркежан, студент
Бұл арада ҚМЭБИ (КИМЭП) студенттері үшін енгізілген жаңа пән – Animal law (Жануарлар туралы заңнама) туралы болып отырған секілді. Иә, осындай жаңа пәннің енгізілуі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан үшін айтарлықтай жаңалық болды десек, артық кетпеспіз. Өйткені бұл арада жануарлар туралы осы аймақ халқының дәстүрлі түсінігі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Яғни ата-бабамыз жануар, мал адамзаттың бақуаттылығын қамтамасыз етеді деп келсе, енді жануарлардың өзі бұл арада бақуатты болуға құқық алады. Яғни жануарларды қорғауға арналған халықаралық заңнамада оларды негізсіз қырып-жою, зақым ету қатаң жазаланады. Осындай құқық пән ретінде бүгіндері АҚШ, Канада елдерінде кеңінен қолданысқа енгізілген. Бізде бұл пәнді оқу студенттердің өз еркіне берілгенін баса айта кетелік. Яғни жануарлар құқығы туралы толық мәлімет білгісі келген шәкірт мұндай дәріске алдын ала жазылады. Одан, мәселен, қаңғыбас ит-мысықтың құқығы, жабайы жануарларды үйде ұстаудың тәртібі, төрт түлік малды күтіп-бағу ережелері секілді құқықтық-нормативтік мәліметтер алуға болады.
Бізде жануарлар құқығы туралы пән оқытыла бастады
Последние статьи автора