Бір жылдан соң жұмысқа шығуға құқығым бар ма?

Бір жылдан соң жұмысқа шығуға құқығым бар ма?

Мен жүктілікке және бала тууына байланысты декреттік демалысқа шыққан едім. Сол кезде арызда декреттік демалысты үш жылға беруін сұраған едім. Қазір балам бір жасқа толды. Сондықтан енді жұмысқа шығайын деп бұрынғы жұмыс орныма бар­сам, «сіз үш жылға демалыс сұрағансыз, қазір сіздің орныңызға басқа адамды қа­­былдағанбыз, сондықтан сізді жұмысқа ала алмаймыз, үш жыл демалыс біткен соң келесіз» дейді. Осы заңды ма? Қайта өз орныма жұмысқа шығу үшін не істеуім ке­­рек?
Жазира ӘКІМБЕКОВА,
Қызылорда облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, Қа­зақ­стан Республикасының Еңбек кодексінің 195-бабына сәйкес (3-т.),    бала үш жасқа тол­­­­ған­ға дейiн оның күтiмiне байланысты жа­лақы сақ­тал­май­тын демалыс  қызметкердiң жаз­баша өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бо­йын­ша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы мүм­кiн.
Демек, бұл демалысты толығымен  не бө­ліп пай­далану  мәселесін  қызметкер өзі дер­бес шешуі тиіс.
Аталған баптың 5-тармағына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жа­­лақысы сақталмайтын демалыс аяқ­тал­ғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда қыз­меткер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс бас­талуынан бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Демек, сіз жұмыс берушіңізді бір ай бұ­рын ескертіп,  жұмысыңызға шығуға құқы­лы­сыз.
Ал жұмыс берушіңіз  тарапынан жұмы­сы­ңызға шығуға кедергі  келтірілетін  болса, сіз­ге  жұмыс орныңыз орналасқан  өңірдегі Ба­қы­лау және әлеуметтік қорғау  де­партаментіне  ша­ғым­дану қажет.
Департаменттің мемлекеттік еңбек инс­пек­циясы мекемеде тексеріс өткізіп, жұмыс бе­рушіге  тиісті шара қолданады және сіздің ең­­бек  құқығыңыздың қалпына келтірілуіне  ық­пал етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста