Бір күндік іссапарға қаржылық шығын қарастырылған ба?
Мен мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. Қызмет бабымен 100 шақырым қашықтықта орналасқан облыс орталығына бір күндік іссапармен жиі барып тұрамын. Бірақ есептеу бөлімі маған «бір күндік іссапарға қаржылық шығын төленбейді» – дейді. Осы дұрыс па?
Айбар Айтқожа, Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабына сәйкес iссапар – жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
– қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер;
– баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;
– тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.
Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.