Естуімше, «биоотын табиғи газдың орнын толтырады» деседі. Жалпы, осы әдістің біздің елде жүзеге асатынына сенуге бола ма?
Жандос БЕРІКБОЛОВ, студент
Биоотын өндірісіне Қызылорда облысының мамандары бүгінде ден қоя бастаған. Бүгінде аталмыш облыста күріштің қалдықтарынан биоотын шығаратын өндіріс іске қосылмақшы. «Елімізде алғаш қолға алынған, тың жоба күрішті өлкеге қосымша табыс көзі болғалы тұр» дейді сарапшылар. Сондай-ақ мамандар мал азығына жарамсыз сабанды да кәдеге жарататын күн алыс емес екендігін мысал етуде. Мәселен, жылу көздерін пайдаланудың техник-маманы Нұрадин Шарафадиновтің айтуынша, Сыр дақылының сапасын латвиялық мамандар арнайы зертханада тексеріп, оның қалдықтарына жыл бойы талдау жасапты. Түйіршіктеліп, жоғары қысымда кептірілген дайын өнім «пеллет» деп аталады. Бұл биоотынның тоннасы 350 текше метр табиғи газдың орнын толтыра алады екен. Ал оның күлі – дайын табиғи тыңайтқыш. Сағатына бір тонна отын шығаруға қуаты бар зауыт 2013 жылы іске қосылмақ. Қазақстандық пеллеттің алғашқы легі тапсырыс бойынша алдымен еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтіледі. «Ең бастысы – мұның экологиялық пайдасы орасан» дейді ғалымдар.
Биоотын табиғи газдың орнын толтырады
Последние статьи автора