Егін егу науқаны таяу тұр. Осыған орай сұрайын дегенім, 3-сұрыпты бидай тұқымын сатып алу бағасының өскені жөніндегі ақпарат рас па? Бұл жөнінде қайдан мәлімет алуға болады?
Мейрам ЖАНАЙҰЛЫ, кәсіпкер
Жоқ, 3-сұрыпты бидай тұқымын сатып алу бағамы өскен жоқ. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ 3-сұрыпты бидайдың тұқымын емес, тауарлық бидайдың сатып алу бағасын тоннасына 16 500 теңгеден 21 000 теңгеге дейін арттырды.
Бұған дейін экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, Азық-түлік корпорациясы 2012 жылғы жиналған бидайдан жалпы көлемі 3 млн тоннаға дейін әр тоннасын 16 мың 500 теңгеден қосымша сатып алуды жүзеге асырып келген болатын. Ал Азық-түлік корпорациясы осы бағаны белгілегенде өткен жылдың қараша айындағы алғашқы онкүндікте ішкі нарықтағы бидай бағасы 14 000-15 000 теңгенің шамасында еді. «Мемкомиссияның шешімі өз нәтижесін берді. Өйткені астық трейдерлерінің бағаны одан төмен түсіруіне жол берілмеді. Сөйтіп, ішкі нарықта баға тұрақталды. Кейіннен астық трейдерлері өздерінің бидайды сатып алу бағасын 18 000-19 000-ға дейін көтеруге мәжбүр болды. Осылайша 2012 жылдың қарашасынан бері бидайдың тоннасына сатып алу бағасы 40 000-50 000 теңгеге дейін көтерілді» дейді мамандар. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайды қаперге ала отырып, астық шаруашылығын қолдау және бағаны реттеу мақсатында экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен шаруалардан сатып алынатын бидайдың тоннасы 16 500 теңгеден 21 000 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Ал бұл 3-сұрыпты бидайдың тұқымын сатып алу бағамы өскен жоқ...
Бидайдың тұқымын сатып алу бағасы қанша?
Последние статьи автора