Бидайдың тұқымын сатып алу бағасы қанша?

Бидайдың тұқымын сатып алу бағасы қанша?

Егін егу науқаны таяу тұр. Осыған орай сұрайын дегенім, 3-сұрыпты бидай тұқымын сатып алу бағасының өскені жөніндегі ақпарат рас па? Бұл жөнінде қайдан мәлімет алуға болады?
Мейрам ЖАНАЙҰЛЫ,
кәсіпкер
Жоқ, 3-сұрыпты бидай тұқымын сатып алу бағамы өскен жоқ. Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия­ның шешіміне сәйкес, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ 3-сұрып­ты бидайдың тұқымын емес, тауарлық бидайдың сатып алу баға­сын тоннасына 16 500 теңгеден 21 000 теңгеге дейін арттырды.
Бұған дейін экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, Азық-түлік корпорациясы 2012 жылғы жи­нал­ған бидайдан жалпы көлемі 3 млн тоннаға дейін әр тоннасын 16 мың 500 теңгеден қосымша сатып алуды жүзеге асы­рып келген болатын. Ал Азық-түлік корпорациясы осы баға­ны белгілегенде өткен жылдың қараша айындағы алғаш­қы онкүн­дікте ішкі нарықтағы бидай бағасы 14 000-15 000 теңгенің шамасында еді. «Мемкомиссияның шешімі өз нәти­жесін берді. Өйт­кені астық трейдерлерінің бағаны одан төмен түсіруіне жол берілмеді. Сөйтіп, ішкі нарықта баға тұрақталды. Кейіннен астық трейдерлері өздерінің бидайды сатып алу бағасын 18 000-19 000-ға дейін көтеруге мәжбүр болды. Осы­лайша 2012 жылдың қарашасынан бері бидайдың тоннасына сатып алу бағасы 40 000-50 000 теңгеге дейін көтерілді» дейді мамандар. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайды қаперге ала отырып, ас­тық шаруашылығын қолдау және бағаны реттеу мақсатында эко­номиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия шеші­мімен шаруалардан сатып алынатын бидайдың тоннасы 16 500 теңгеден 21 000 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Ал бұл 3-сұрыпты бидайдың тұқымын сатып алу бағамы өскен жоқ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста