Бекет жайлы білгім келеді

Бекет жайлы білгім келеді

Биыл белгілі саятшы, сазгер Бекет Есентаевтың қайтыс болғанына бір жыл толады екен. Бұл кісі жайында қазақ басылымдарында мол деректер кездестіре алмадым. Марқұмның өмірінен қысқаша мәлімет берсеңіздер.
Айнұр,
студент, Қарағанды қаласы
Кезінде Кеңес өкіметі тұсында-ақ ұлттық салт-дәстүр мен қазақы өнерді дамытуға атсалысқан Бекет Есентаев 1958 жылы 4 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қайнар ауылында туған. Анасынан ерте айырылған ол негізінен әке тәрбиесін көріп өскен. Әкесі жастайы­нан аңшылықпен айналысқан. Кейін майданға қатысып, мергендігімен ерекше көзге түскен жауынгер атанды. Жалпы, жұртшылық Бекетті негізінен саятшы ретінде жақсы біледі. Ол сон­дай-ақ аспап жасаудың нағыз шебері болған. Әншілік, сазгерлік жолда да біраз жетістіктерге жетті. Мектепті бітірісімен ол өзі туып-өскен     Бәйдібек ауданы өнерпазда­ры­нан құралған «Шаттық» ансам­блінде әнші болды. Осы өнер ұжы­мын­дағы шы­ғар­ма­шылық жұмысын әскер қата­рын­да болып қайтқаннан кейін де жалғастырды. Аталған ансамбльде 11 жылдай өнер көрсетіп, кейін Жез­қазғанның Жезді ауданында аз уақыт тұрақтайды. Дегенмен үлкен мақсаттар мен асыл армандар Бекетті Алматы­дағы өнер мен мәдениеттің қайнаған ортасына алып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңдерде ол Алматыға қоныс аударады. Әйтсе де қаланың қым-қуыт тіршілігі мен тұрмыстың қиынды­ғына қарамастан, ол Алматы­да өмірі­нің соңына дейін өнерді серік етіп, өзінің сүйікті шеберлік ісімен шұғыл­данды. Бекет Есентаев өткен жылы 6 қаң­­тар күні ауыр науқастан көз жұмды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста