Бейнелеу ежелгі өнер түрі ме?
Әдетте, бейнелеу өнерін жазу-сызудан да бұрын пайда болған деп жатады. Демек ол өнердің ең көне жанры болғаны ғой?
Айша РЫМҒАЛИ, Талдықорған қаласы
Қай заманда да адамға сурет салған ұнайтын. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын алғашқы қауымдық құрылыс суретшілері жабайы жануарларды, өздерінің аң аулау сәтін суретпен бейнелеген, сөйтіп, өздерін қоршаған әлемді түсіндіруге және көргендерін қайталап кескіндеуге тырысқан. Демек, бейнелеу өнерінің ең ежелгі өнер түрі екендігі даусыз.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдары суретті үңгірлердің, ал египеттіктер мазарлардың қабырғасына салған. Орта ғасырлар дәуірінде фреска живописі мен кітап безендіру өнері дамыды. Суретшілер әрдайым өздеріне не ұнаса, соның суретін салды. Біреулер табиғатты, енді біреулер адамдарды, келесілері жануарлар мен хайуанаттарды кескіндеуге көшті. Осылайша, бейнелеу өнерінің жанрлары пайда болды.