Әлемдегі көптеген қалалардың бауырлас қалалары болатынын білеміз. Осы орайда Астанамыздың бауырлас қалалары туралы білуге бола ма?
Жанар ТІЛЕКБАЕВА, Алматы
Бауырлас қалалар дегеніміз – бұл халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін, мәдени ынтымақтастық үшін, қала өкіметі мен ұйымдарының алдында тұрған ұқсас проблемаларды шешу бойынша тәжірибе алмасу үшін тікелей достастық байланыс орнатқан әртүрлі мемлекеттердің қалалары. 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді. Қазіргі кезде Астанамыз дүниедегі көптеген қалалармен достық, мәдени-гуманитарлық, өзге де салалар бойынша бауырластық қарым-қатынас орнатқан. Сонымен Астана, Стамбұл, Измир, Анкара, Мәскеу, Қазан, Санкт-Петербор, Бішкек, Питтсбург, Киев, Амман, Рига, Гданьск, Варшава, Тбилиси, Сеул, Ташкент, Дубай, Мантуя қалаларымен бауырлас қала болып саналады.