Бауыр эхинококкозы – ауыр дерт

Эхинококкоз – иттен жұғатын ауру деп естідім. Ол қандай ауру және оны жұқтырып алмау үшін не істеу керек?
Еркін РЫМҚОЖИН,
Шығыс Қазақстан облысы
Дәрігер-эпидемиолог мамандардың айтуына қарағанда, бұл дерт адамға түлкі, қарсақ, иттер арқылы жұғады. Негізінен, эхинококкоз малдарда кез­деседі. Ауру малды сойған кезде, оның ішек-қарны, т.б. мүшелері күл-қоқысқа тасталып жатады, соларды түлкі, қарсақ, иттер қорек етеді. Сөйтіп, түлкі, қарсақ, иттер эхинококк жұмыртқаларын тара­тушыға айналады. Эхинококк жұмырт­қаларын түлкі, қар­сақ,  иттер нәжістері арқылы аулаға, су қоймасына, бау-бақшаға, әйтеуір жүр­ген жерінің бәріне таратады. Сол суды қайнатпай ішкен немесе сол бақшадан көкөністі жумай жеген адам эхинококкоз ауруын жұқ­тырады. Ауруды жұқтырған адам оны дереу сезе қоймайды. Себебі эхинококкоз іріңді ісігі өте жай өседі де, жылдар бойы ешқандай белгі бермейді.  Іріңді ісік өскен сайын, бауырды қысып, әрі қан құрамына зиянды заттар бөлінуіне әсер етеді де, адам сарғайып, жағдайы нашарлайды.
Көбіне ультрадыбыстық тексеру арқылы кездейсоқ анықталып жатады.
Эхинококкоз көп жағдайда бауырды зақымдайды. Эхинококк жұмыртқалары  кейде қан айналымы арқылы өкпеге, ағзаның басқа мүшелеріне  де жетеді. 
Эхинококкоз дертіне байланысты күдік туған жағдайда, ішкі ағза мүше­лерін ультрадыбыстық, т.б. тексеру­лерден өткізіп, қан құрамын зерттеу керек.
Бұл дертті емдеу үшін, міндетті түрде операция жасалады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста