Бүгінде қала көшелері мен саябақтарда балалар ойнайтын батуттар көп. Жалпы, «батут» сөзі нені білдіреді және оның шығу тарихы қалай?
Аружан СӘРСЕНҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Батут (французша batoude, итальянша battuta – соққы, серпіліс) – мықты материалдан өріліп, тордан жасалған, секіруге арналған серіппелі қондырғы. Ол ішінде металл жіпшелері тартылып, орнатылған резина амортизаторлардың көмегімен керіледі. Сондай-ақ ол металл төсенішті торлы жолдар түрінде де болады. Батутта секіру – гимнастикалық спорт түрі. Ол 2000 жылдан бері жазғы Олимпиада бағдарламасына енгізілген. Сонымен қатар батут цирктің акробатикалық нөмірлерінде де қолданылады. Гимнастиканың басқа жаттығу түрлерінде, суға секіру кезінде және спорттың слэмбол деп аталатын түрінде де кеңінен пайдаланылады. Батутта секіру 1960 жылдары космонавтардың жаттығуында да елеулі орын алған. Бүгінде саябақтардағы, балабақша, үй аулаларындағы түрлі-түсті резинадан, әртүрлі пішінде жасалған балалардың ойнау құралын да серіппелі, секіріп ойнайтын болғандықтан батут деп атайды.
Батут туралы білсем…
Последние статьи автора