«Баттл» деген қандай би?

Қазір шетел жастарының арасында «баттл» деген атаумен биленетін би түрі біздің елімізге де келіпті. Осы баттл туралы кеңірек түсіндіріп берсеңіздер.
Айдана ЕМБЕРГЕНОВА,
Қостанай қаласы

Баттл – басқа би түрлеріне ұқсамайтын, еркін биленетін көше биі. Бишілер өз стильдерін көрсету үшін әртүрлі қимылдармен қозғалыс түрін дамыта отырып билейді. Баттл брейк-данс, поппинг, локинг, нью стайл, хаус билері сияқты өзіндік стилімен ерекшеленеді. Атауына орай көше биі болғандықтан, көрермендермен, көпшілікпен бірге биленеді және белгілі бір музыка жанрына байланысты қимыл-қозғалыс та құбылып, өзгере береді. Дегенмен көше тынысымен тыныстап, көшеде өспеген, көше өмірін сезіне бермейтіндіктен, оны кез келген адам билей  алмайды. Сенің бар жан-тәніңді әуен игеріп кететіндей, ырғақ бар ырқыңды меңгеретіндей болса ғана баттл бишісі атанасың. Жеңімпазды анықтау үшін көрермендердің немесе арнайы қазылар алқасының алдында баттл би жарыстары өтіп тұрады. Оған жұп болып, кейде топтанып, тіпті жалғыздан да билей береді. Бүгінде баттл биі кеңінен танымал, жарыс өтетін жерге әлемнің көптеген елдерінен арнайы келіп қатысатындар саны арта түсуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста