Су астында ұзақ уақыт болуға мүмкіндік беретін әртүрлі аспаптардың бар екендігі белгілі. Мысалы, батискаф. Осы аппарат туралы кеңірек мәлімет берсеңіздер екен?
Абзал БЕКМҰХАМЕТ, Ақтау
Батискафты швейцар ғалымы Агюст Пикар 1948 жылы ойлап тапты және жасап шығарды. Батискаф – мұхиттану және басқа да суасты зерттеулеріне арналған, терең суда өздігінен жүретін аппарат. 1960 жылы Триест Жак Пикар және америкалық Дон Уолж батискафпен Тынық Мұхиттағы Марианск ойпатына түсе алды. Оның тереңдігі 10 912 метр.
Батискаф алты метрге дейінгі тереңдікке еніп, су астында 80 сағат болады. Сағатына тоғыз шақырым жылдамдықпен қозғалады. Аппарат бортында бір мезетте үш гидронавт бола алады. Батискафта терең зерттеулер жүргізуге арналған кинокамера, фотокамера, микроорганизмдерді ұстауға арналған қалтқы, қуатты шамшырақ сияқты ең заманауи құрал-жабдықтардың бәрі бар.
Батискаф қандай аппарат?
Последние статьи автора