Таңертеңнен кешке дейін ғимараттың ішінде отырып жұмыс істеймін. Жұмыс тәртібі қатаң болғаннан кейін таза ауаға да сирек шығамын. Сондықтан болар басым жиі ауырады. Қайта-қайта дәрі ішіп те жалықтым. Басты жылдам қойдыратын тәсілдер туралы жазып кетсеңіздер екен?
Айгүл Серікқызы, Алматы қаласы
1. Бас ауырған кезде қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, жақсы әсер етеді.
2. Уақтылы тамақтану, желдетілген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуендеу, суға шомылу, емдік гимнастика жасау бас сырқатын басады, тоқтатады.
3. Басыңызды ақырын уқалаңыз. Саусақ ұшымен мұқият массаж жасау жақсы көмектеседі. Болмаса ағаш тарақпен маңдайдан желкеге дейін тарауға болады.
4. Бас ауыра бастағанда жарты сағат ұйықтап алу да жақсы көмектеседі.
5. Самай мен шеке қысып, ұйықтауға мүмкіндік бермесе, қараңғы әрі салқын бөлмеге кіріп, креслоға ыңғайланып отырыңыз да, жақсы да көңілді нәрсе ойлануға тырысыңыз.
6. Түнде басыңызды көрпемен тұмшаламаңыз. Олай етсеңіз, оттегі аздығынан таңертең төсектен басыңыз ауырып тұруы мүмкін.
Міне, біз сізге бас ауруын жылдам қойдыратын тәсілдер туралы қысқаша ғана айтып кеттік. Осы және халық медицинасында айтылатын басқа да тәсілдерді үнемі қолданып жүргеніңіз абзал. Ал, ең бастысы, ауырмайтын жол іздегеніңіз жөн.
Бас ауруын жылдам жазатын тәсілдер бар ма?
Последние статьи автора