Бақылау жүйелерін орнатуға лицензияны кім береді?
Бейнебақылау қондырғыларын орнатумен айналысушы кәсіпорындарға қандай мемлекеттік мекеме лицензия береді? Мұндай мәселемен қайда хабарласқан жөн?
Айдар ЖҮСІПБЕКОВ, Ақтөбе облысы
ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау-зерттеу қызметіне ішкі кішігірім құрылғыларды: радиофикацияларды, электр мен уақыт өлшеуіштерін, телефон жүйесін, ішкі және домофондық байланысты, кабельді телеарналарды, күзеттік бейнебақылауды, электрдабыл жүйесін, өртке қарсы жүйені және сыртқы желілерді орнату жатады. Демек, бейнебақылау қондырғыларын орнату қызметіне лицензия берумен жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары айналысуы тиіс.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу