Бір елде бақа аулау мерекесі тойланатынын естіп едім. Ол қай ел? Мереке қалай пайда болған?
Әсем ТІЛЕУОВА, Алматы қаласы
Құрбақаларды жою мерекесі Австралияда наурыздың соңғы күндері тойланады. Мерекені 70 жыл бұрын табиғат жанашырларының өзі ойлап тапқан. Бұл күні австралиялықтар жаппай бақа аулап, оларды арнайы орындарға тапсырады. Мамандар жәндіктердің салмағын өлшеп, кімнің ең ірі бақа ұстағанын анықтап, марапаттайды. Бұдан соң ауланған бақаларды мұзға қатырып немесе көмірқышқыл газымен улап өлтіреді. Құрбақаларды жоюдың мұндай әдісін Жануарларды қатыгездіктен қорғаудың корольдық қоғамы мақұлдаған. Қоршаған ортаны сақтау мақсатын көздейтін мұндай шаралар Австралияда жалғыз бұл емес. Табиғи бәсекелесінің болмауы себепті күрт көбейіп кететін кенгуру мен дала ешкілерінің саны да осындай жолмен азайтылады.