Кішкентай кезімде суық тиіп ауырғанда, анам арқама банкі басатын еді. Мұның қандай пайдасы бар?
Гүлден Әбдіқасова, Қарағанды облысы
Банкі басу – ертеден қолданылып келе жатқан халық емдерінің бірі. Сыйымдылығы 30-70 миллиметрлік шыны вакуумдарды суық тигенде арқаға басатыны белгілі. Жалынмен қыздырылған банкі арқаға төңкерілгенде, ішіндегі сиреген ауасы теріні тартып, сору арқылы денедегі қан тамырларын кеңейтеді. Соның әсерінен тереңде жатқан тіндердің қан және лимфа айналымы жақсарып, қабыну ошақтары басылады. Оны кеудеге, яғни төске, жүрек тұсына, омырау мен омыртқа үстіне қоюға болмайды. Айына бір-екі реттен артық қолдануға болмайтын бұл емнің зиянды жақтары да жоқ емес. Мәселен, денсаулық сақтау мамандары өкпеден қан кеткенде, туберкулез, ісік және тері ауруларымен ауыратындарға банкі басуға тыйым салады.
Банкі басудың пайдасы қандай?
Последние статьи автора