Мен дәстүрлі әнді сүйіп тыңдаушымын. Бірақ бір өкініштісі, бүгінде әннің тарихын айту деген қалып барады. Осы Балуан Шолақтың «Ғалиясы» кімге арналған, сері кімге ғашық болды екен?
Бейсенбай ҚҰМАРОВ, Көкшетау қаласы
Арқада «Қараөткел» деген атақты жәрмеңке болғаны тарихтан белгілі болар. Ол – бүгінде елордамыздың бір бөлігіндегі аумақта. Кезінде жәрмеңке деген ауқатты адамдардың тек сауда жасайтын емес, сонымен қатар көңіл көтеріп, серпілетін де жері болған. Сондықтан сал-сері, ақын, балуан, өнерпаз атаулы сол жерде өз өнерлерін ортаға салатын. Мәселен, Қарқаралы, Қоянды жәрмеңкелері сол жағынан да атақты. ХХ ғасыр басында Ғалия сол «Қараөткелге» келіп, қымыз сатқан жиырмадан жаңа асқан жас әрі бота көзді, оймақ ауыз сұлу қыз болса керек. Ал балуан – онда нағыз қамал бұзар қырықтағы жігіт. Жәрмеңкеге бір ат басын бұрған кезінде балуанға Ғалия қымыз ұсынса керек. Жалт етіп қарағанынан-ақ серінің жүрегіне шоқ тастаған болса керек, Балуан Шолақтың жүрегін ән кернейді. Ғалия жайында, балуанмен арадағы махаббат турасында алғаш зерттеген, оны ел аузынан жазып алған академик-зерттеуші Ахмет Жұбанов екен.
Балуан Шолақтың «Ғалиясы» кім?
Последние статьи автора