Әлем ғалымдарына Нобель сыйлығы сияқты Бальцан сыйлығы да беріліп жатады. Осы сыйлық жөнінде мағлұмат берсеңіздер екен. Былтыр мұндай марапатқа кімдер ие болды?
Айгүл ЖҰМАҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Бальцан сыйлығы – ғылым мен мәдениеттегі ең биік жетістік үшін берілетін халықаралық марапат. Сыйлық италиялық кәсіпкер Эудженио Бальцанның есімімен аталады. 1874-1953 жылдары өмір сүрген меценат ғылым мен мәдениеттің дамуына айтарлықтай қолдау көрсеткен. Ол өз еңбек жолын адамзат шығармашылығы биік табыстарға жетіп, ғалам құпияларының молырақ ашыла түсуіне арнады. Бальцан атындағы сыйлықты оның қызы тұңғыш рет 1961 жылы тағайындады. Тура бір жылдан соң оны математика саласы бойынша кеңес ғалымы Андрей Колмогоров иеленді. Сыйлық 1978 жылдан бері жыл сайын үздіксіз беріліп келеді. 2001 жылдан бастап оның көлемі 1 млн швейцар франкі болып бекітілді. Былтыр Бальцан сыйлығына театр тарихын зерттеуші италиялық Манфред Браунек, Еуропа тарихын зерттеуші Карло Гинзбург, бразилиялық математик Жакуб Палиш және жапониялық биолог Синья Яманака ие болды. Әзірше бұл сыйлықты иеленген қазақстандықтар жоқ.
Бальцан сыйлығы кімдерге беріледі?
Последние статьи автора