Бальцан сыйлығы кімдерге беріледі?

Бальцан сыйлығы кімдерге беріледі?

Әлем ғалымдарына Нобель сыйлығы сияқты Бальцан сыйлығы да беріліп жатады. Осы сыйлық жөнінде мағлұмат берсеңіздер екен. Былтыр мұндай марапатқа кімдер ие болды?
Айгүл ЖҰМАҚЫЗЫ,
Алматы қаласы
Бальцан сыйлығы – ғылым мен мәдениеттегі ең биік же­тіс­тік үшін берілетін халықаралық марапат. Сыйлық италиялық кәсіпкер Эудженио Бальцанның есімімен аталады. 1874-1953 жылдары өмір сүрген меценат ғылым мен мәдениеттің дамуы­на айтарлықтай қолдау көрсет­кен. Ол өз еңбек жолын адамзат шығармашылығы биік табыс­тар­ға жетіп, ғалам құпиялары­ның молырақ ашыла түсуіне ар­нады. Бальцан атындағы сый­­лықты оның қызы тұңғыш рет 1961 жылы тағайындады. Тура бір жылдан соң оны мате­матика саласы бойынша кеңес ғалымы Андрей Колмогоров иеленді. Сый­лық 1978 жылдан бері жыл сайын үздіксіз беріліп келеді. 2001 жылдан бастап оның кө­ле­мі 1 млн швейцар франкі болып бекітілді. Былтыр Бальцан сый­лы­ғына театр тарихын зерттеуші италиялық Манфред Браунек, Еуропа тари­хын зерттеуші Карло Гинзбург, бразилиялық матема­тик Жакуб Палиш және жапония­лық био­лог Синья Яманака ие болды. Әзірше бұл сыйлықты иеленген қазақстандықтар жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста