Баланың туылуын тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек пе, әлде АХАЖ бөліміне ме?
Назгүл, Алматы қаласы
Аталған мемлекеттік қызмет баланың туған жері немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал-актілерін тіркейтін орган, сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетіледі. Баланың туылуын тіркеу үшін ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгінуіңізге болады:
– белгіленген нысандағы өтініш;
– ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі, 2008 жылға дейін некеге тұрған тұлғалар үшін;–
емдеу орнынан баланың туылғаны туралы анықтама;
– өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат.