Әдетте нәресте ірі болып туылса, «балпанақтай» деп сүйсініп жатамыз. Бірақ баланың өзінің де, салмағының да ірілігіне дәрігерлер секемденіп қарайтын көрінеді. Неге олай?
Гүлжаһан РИЗАБЕКОВА, Талдықорған қаласы
Дәрігерлердің секемденетіндей жөні бар. Өйткені сәбидің балпанақтайлығы анасының қант диабетіне шалдыққандығының белгісі болуы мүмкін. Егер де сәбидің ірілігі құрсақта жатқан кезінен байқалса, болашақ ананың инсулиндік терапия қабылдағаны абзал. Сондықтан ірі бала туған немесе іштегі сәбиінің шамадан тыс үлкендігі анықталған кез келген екіқабат әйел қант диабетімен ауыратын-ауырмайтындығына тексерілуі тиіс.
Тағы бір есте болар жайт, баланың ірілігіне болашақ ананың тамақты талғамай жеуі де себеп болуы мүмкін. Қалай болғанда да, дәрігерге тексерілгеннің артықтығы жоқ.
Баланың балпанақтай болуы неден?
Последние статьи автора