Баланы мектепке дейінгі ұйымға беру үшін қандай құжаттар қажет?
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
Жансұлу Дәкежанова, Алматы облысы
Қажетті құжаттар: 1) ата-аналардың (анасы немесе әкесі) немесе заңдық өкілдіктердің біреуінің жеке басын куәландыратын құжат; 2) баланың туу туралы куәлігі; 3) жеңілдікті растайтын құжат (ол болған жағдайда мектепке дейінгі балалар ұйымына бірінші кезекте жолдама алуға); 4) психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі түзету ұйымы мен топтарға бөлген кезде); 5) жиі және ұзақ ауыратын балаларды ерте анықталған туберкулез жұқпасы бар, туберкулездің аз және басылған түрі бар балаларға арналған мектепке дейінгі санаторийлік түзету ұйымдарына бөлу кезіндегі аумақтық емдеу-профилактикалық ұйымдардың қорытындысы. Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі бірге ұсынылады, кейін түпнұсқа тұтынушыға қайтарылады.
Айта кету керек, бірінші кезекте орын алуға құқылылар: І және ІІ топтағы мүгедек балалар; ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар; жетім балалар;
көпбалалы отбасындағы балалар; соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге жатқызылатын тұлғалардың балалары.