Баламыз әжесімен ауылға барған сайын сенімхат әзірлеуіміз керек пе?

Ұлым жыл сайын жазда ата-әжесінің қолында болады. 2010 жылы әжесіне баламды Қазақстанның ішінде еркін алып жүру үшін нотариуспен расталған сенімхат әзірлеткен едім. Жуырда ұлымның аты-жөнін, тегін қазақша етіп ауыстырғанмын. Енді өзгеріске түскен аты-жөнге тағы да сенімхат әзірлеу керек екен. Сөйтіп, нотариус кеңсесіне барсам, ондағылар маған бала қаладан әр шыққан сайын жаңа сенімхат алып тұруым керектігін айтты. Бұл рас па? Мұндай жағдай біздің қалтамызға да ауыр соғып тұр. Өйткені әрбір сенімхаттың құны – 865 теңге. Біз баламыздың ата-әжесінің қолында қазақи тәрбиеленгенін қалаймыз. Мұндай заң кімге тиімді?
Алуа ЖОЛАМАНҚЫЗЫ,
Алматы
1996 жылы Қазақстан Республикасының «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» қабылданған заңы бойынша, қазаққа тән емес аты-жөндегі аффикстерден арылуға құқылы. Бірақ тегі мен әкесінің атының түбірі сақталуы тиіс. Өзгеріске ұшыраған құжаттың бұрынғы аты-жөндегі құқықтары мен міндеттері еш кемімейді. Еліміздің «Отбасы және неке туралы» кодексінің 203-бабында баланың туылғаны туралы келесі мағлұматтар анықтайды:
1) баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері;
2) акт жазбасының жасалу күні мен нөмірі;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) ата-анасының толық аты-жөндері, туған күндері, туған жерлері, ұлты;
5) ата-анасының азаматтығы;
6) мемлекеттік тіркеу орны;
7) туу жөніндегі куәліктің берілген мерзімі.
Осы мағлұматтар баланың туу туралы куәлігі мен сенімхатта сәйкесуі қажет. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабы бойынша, сенімхат үш жылдан артық уақытқа берілмеуі қажет. Егер сенімхатта уақыты көрсетілмесе, ол бір жыл көлемінде ғана жарамды болады. Бүгінде Азаматтық кодексте сенімхатқа байланысты ешқандай өзгеріс болған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста