Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының көп кездесуі қынжылтпай қоймайды. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларында кемушілік байқала ма?
Айгүл АСАНОВА, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, балалардың қатысуымен орын алатын ЖКО-ның кему көрсеткіші байқалады. Оны төмендегі кестеден де байқай аласыз. Атап айта кетер жайт, бүгінде жол полициясы мен білім басқармалары балалардың қатысуымен орын алатын ЖКО алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Сондықтан алдағы уақытта бұл көрсеткіш әлде де кеми түсуі әбден мүмкін.
2009 және 2010 жылдардың алғашқы алты айындағы балалардың қатысуымен тіркелген жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші.
Балаларға қатысты жол-көлік оқиғасы азайып келеді
Последние статьи автора