Балалар кедергі жасағанда намаз бұзыла ма?

Балалар кедергі жасағанда намаз бұзыла ма?

Кейде намаз оқып жатқанда балалар кедергі жасайды. Сол кезде баз бір кісілер балаларды қуып жіберіп, намазын қайта жалғастыра береді. Сондай кезде намаз бұзылмай ма?
Ықылас ТҰРҒЫНБАЕВ,
Алматы облысы
Алтынбек ҰТЫСХАН, ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің маманы:
– Егер балалар намаздағы адамның ар­қа­сына жабысса, тізесіне отырса, жайна­мазына жатып алатын болса, бұл құлшылығымыздың қабыл болуы тұрғысынан алғанда кедергі келтірмейді. Тіпті баланы ысырып қойып, сәжде жасаса немесе сәждені баланың тура үстіне жасаса, немесе баланы тізесінен түсіріп, артық қимылға барса да, намаз бұзылмайды. Аталған әрекеттер намазға қатысты болмаса да, олар «амал-и касир» – намазды бұзатын үлкен қи­мыл­дар қатарына жатпайды. Бұл әлі көп нәрсені түсіне бермейтін баланың еркелігі ойымды бұз­ды-ау деп еріксіз барған қимылдар болып та­бы­лады.

Абдулла ибн Шаддат әкесінен естігенін былай жеткізеді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір құптан намазды өткізу үшін имамдыққа шыққан кезде арқасына Хасан немесе Хусайнның бірін арқа­лап алғанын көрдім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алға шықты да, немересін жерге түсіріп тәкбір алды. Намаз оқу барысында ұзақ сәжде жаса­ды. Әкем (сөзін жалғастырып) былай деді: «Ба­сым­ды көтер­генімде, Алланың елшісі (с.ғ.с.) сәж­де­де, ал бала оның арқасына мініп алған екен. Сәждеге қайта­дан бардым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазын бітірген соң, жамағат былай деді: «Уа, Расулуллаһ, намазда сәждеңізді соза түстіңіз. Сізге бір нәрсе болды ма, әлде уахи түсіп жатыр ма екен деп ойладық». Оларға Расулуллаһ былай деп жауап қатты: «Сендер айтқан нәрсенің ешбірі де болған жоқ. Бар болғаны немерем арқама мініп алды. Ойыны қанып өзі түскенше асықтырғым келмеді деп жауап береді» (ән-Насаи фи сунәниһи, Имам Ахмад фи мәснад, Имам Хаким мустадрак кітабында Бухари мен Муслимнің шартына сай деген).
Балалардың үлкендерге еліктеген қы­лық­тары мен ойындары намазды бұзбайтындығын және намаз үшін алынатын сауап та ке­мі­мей­тіндігін айта кету керек. Сонымен қатар бала­лар­ға орынсыз зеку, жасқаймын деп оларды ренжіту болашақта намаздан суып кетуіне апаруы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста